2 маусым күні мектеп жанындағы лагерьде Танысу күні өтті. Күннің басында ұйымдастыру сәті өткізіліп, оның барысында балалар күн тәртібімен және лагерьдің ережелерімен танысты. Одан кейін «Біз – біртұтас ұжымбыз» атты танысу отырысы ұйымдастырылды. Балалар бір-бірімен танысуға және ұжымды біріктіруге бағытталған ойындарға қатысып, өздерінің қызығушылықтары мен хоббилері туралы әңгімеледі. Тәрбиеленушілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және дене қасиеттерін дамытуға бағытталған спорттық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізіліп, балалар мектеп жанындағы лагерьде, көшеде және іс-шаралар кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстырылды.Бұл күн балалардың мектеп жанындағы лагерьге бейімделуіне, қолайлы психологиялық ахуалдың қалыптасуына және ұжымның топтасуына ықпал етті.
Жаңалықтар
Танысу күні.
Қаралды: 3





