4 маусым күні «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерінде Қазақстан Республикасының Рәміздер күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – лагерь тәрбиеленушілерінің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті дамыту. Күн «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты викторинадан басталды. Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы сұрақтарға жауап беріп, олардың шығу тарихы мен маңызымен танысты. Одан кейін мектеп кітапханасында «ҚР рәміздері» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды. Балалар тақырыптық көрмені тамашалап, мемлекеттік рәміздер туралы әдебиеттермен танысты және еліміздің тарихына қатысты көптеген қызықты мәліметтер алды. Танымдық іс-шаралардан кейін тәрбиеленушілер қимылды ойындарға қатысты. Ойындар балалардың денсаулығын нығайтуға, ептілігін дамытуға және ұжымдық рухын қалыптастыруға ықпал етті. Күн соңында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Балаларға қоғамдық орындарда және серуен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді.
Жаңалықтар
Рәміздер күні.
Қаралды: 3





