Күн тақырыбы: «Денсаулық күні»
8 маусым күні «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерінде балалардың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған Денсаулық күні өткізілді. Тәрбиеленушілер үшін «Назар аударыңыз! Кенелер!» атты денсаулық минуткасы ұйымдастырылды. Балалар кене шағуының алдын алу шаралары, табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері және жәндіктерден қорғану тәсілдері туралы мәлімет алды. Кездесу барысында балалар жеке бас гигиенасын сақтау, күн тәртібін ұстану, дұрыс тамақтану және дене белсенділігінің маңыздылығы туралы білді. Іс-шаралар тәрбиеленушілердің денсаулықты сақтау және жазғы кезеңдегі қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Күн белсенді әрі танымдық түрде өтті. Барлық қатысушылар қызығушылық танытып, пайдалы ақпарат алды.
Жаңалықтар
Денсаулық күні.
Қаралды: 3





